Қазақстанның солтүстігінде күн суытады


18 ақпан күні түнде Астанада күн суытады, ауа температурасы 25-27 градусқа дейін төмендейді, ал 19 ақпан күні түнде 27-29 градусқа дейін суытады.

18-19 ақпан күндері Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді, кей өңірлерде 33 градусқа дейін барады. Қарағанды облысында 19-20 ақпан күндері түнде 28-33 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында 28-33 градусқа суытып, кей жерлерде 38 градус аяз болады.