Қазақстанның солтүстік аймақтарында қатқақ болады

Атап айтсақ, 13-15-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында, ал 14-қыркүйекте Қостанай облысында, 14-15-қыркүйек күні түнде Ақмоалжәне Павлодар облыстарында сынап бағанасы 0-2 градусқа дейін төмендеп, қатқақ болады деп күтілуде.
Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшыларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті