Қазақстанның солтүстік бөлігінде күшті боран соғады деп күтілуде - Қазгидромет

Күн райын бақылаушылардың мәліметі бойынша, 6-желтоқсанда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 6 және 7-желтоқсанда Павлодар облысында қатты боран соғады. Батыстан соққан бұрқасынның жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық басқармаларының басшылығына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасауға, көлік қозғалысы мен жол жағдайына бақылауды күшейтуге шаралар қолдануды тапсырды.