Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін. Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі» делінген хабарламада.