Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы ауысты

Бұл туралы бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұжымына жаңа басшыны президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин таныстырды.

Е.Қарин әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.

Бұған дейін ҚЗСИ Болат Сұлтанов басқарған.