Қазақстанның су қоймаларында бір тәулікте екі адам, соның ішінде 4 жасар бала суға батып кетті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 шілдеде 21 сағат 30 минутта Тараздағы "Сеңкібай" суғару каналында 4 жасар бала суда жүзіп жүріп суға кетті. Баланың мәйітін судан құтқару қызметтері ертеңінде шығарып алды.
Сонымен бірге, Бұқтырма су қоймасында Кремнюха ауылы маңында 16 шілдеде 39 жастағы әйел суға батып кетті. "Оның мәйітін жергілікті тұрғындар сол күні судан шығарып алды", -делінген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті