Атап айтқанда, министр мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Кристиан Штрохал, ЕҚЫҰ қысқа мерзімді бақылаушылар тобының басшысы Консиглио Динино арасында екіжақты кездесулер өтті. "Біз министрмен ынтымақтастық туралы мәселені талқыладық, сұхбатқа көңіліміз толады және соңғы жылдарда қол жеткізілген жоғарғы жетістіктерді де атап өттік",- деді Кристиан Штрохал Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрімен өткен кездесуден кейінгі брифингте.
Сонымен қатар бақылаушылар Қазақстанда өтіп жатқан сайлау алды науқанына баға беруден бас тартты. "Мен сайлаудың жекелеген қырлары туралы айта алмаймын. Сайлау ертең өтеді және алдын-ала есепті біз жексенбі күні жария етеміз",- деп атап көрсетті Кристиан Штрохал журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Марат Тәжин сондай-ақ ТМД атқарушы хатшысы Владимир Рушайломен кездесті. Кездесу барысында тараптар ТМД бақылаушыларының Қазақстандағы іс-қызметін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті