Қазақстанның Сыртқы істер министрі Гвинея мен Эфиопияға барады

«9-10-желтоқсанда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ислам ынтымақтастығы ұйымы СІМ кеңесінің 40-шы сессиясына қатысады. Саммит Гвинеяның Конакри қаласында өтеді», - деп дүйсенбі күні президент жанындағы ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

Оның айтуынша, сапар барысында министр Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы бірқатар әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізбек.


Сонымен қатар, 11-желтоқсанда Сыртқы істер министрі ресми сапармен Эфиопияға барады.