Қазақстанның сыртқы қарызы қаншаға өсті?

Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы үш жыл ішінде 10 миллиард долларға өсіп, қазір 168 миллард долларға жетті, деп хабарлайды Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Бас банк басшының сөзіне сүйенсек, сыртқы қарыздың 62%-ын фирмааралық берешек қамтиды, ол негізінен Қазақстан аумағында мұнай және газ жобаларын жүзеге асырушы шетелдік компания филиалдарының қарызынан тұрады.

"Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 8%, мемлекет қадағалайтын ұйымдардыкі − 16%, жеке сектордыкі – 14%", − деді Ақышев парламент сенатының отырысынан кейін.

Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, соңғы үш жылда Қазақстанның сыртқы қарызы 10 миллиард долларға артты. Бұған мемлекет пен оның қарауындағы ұйымдардың сыртқы қарызының өсуі, сонымен бірге топішілік қаржыландыру себеп болған.

"Жеке қаржы секторының сыртқы берешегі 4 миллиард АҚШ долларына қысқарды", — деп атап өтті Данияр Ақышев.


Бас банк төрағасы атап өткендей, қазір үкімет мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыз алуды қадағалауды күшейтіп отыр. Реттеуші, өз кезегінде, қаржы ұйымдарының сыртқы қарызын бақылайды.