"Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің сыртқы саудасында оң нәтижеге қол жеткізілді", - деді министр. Оның айтуынша, қаңтар-наурыз айларында сыртқы тауар айналымының көлемі 39%-ға өсіп, 22,9 млрд долларға жетті.
Осы орайда В. Школьник сауда балансының оң сальдосы $9 млрд құрап, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,4 есе өскенін хабарлады.