Қазақстан сыртқы сауда палатасы баспасөз қызметі атап өткендей, қазақстандық тарап үшін бұл маңызды оқиға, себебі Қазақстан төрағалығы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдерінің негізі қаланғанына 25-жыл толу мерейтойымен сәйкес келеді.
Сондай-ақ отырыс аясында палата басшылары ТМД елдері тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге қатысты мәселелерді кеңінен талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ТМД-ға қатысушы елдер палата басшылары Кеңесінің кезекті отырысын 2016 жылы Астанада өткізетіні жайлы бірауыздан шешім қабылдады.