Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары өзгеріссіз қала береді - президент

"Біздің сыртқы саясатымыз тіпті ең шиеленісті мәселелерде де тіл табысу қажеттігін түсінуге негізделеді", - деді мемлекет басшысы.

"Біз өңірде тұрақтылық пен ықпалдастыққа берік негіз қалай отырып, Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен экономикалық және саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуге тиіспіз", - деді президент.

"Орталық Азиядағы қаіпсіздікті нығайту мақсатында біз АҚШ, Еуропалық Одақ және Солтүстік атлантикалық альянспен конструктивті ықпалдастық аясын кеңейте түсеміз. Тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесіне айналды, еліміздің бастамалары халықаралық қолдауға ұдайы ие болып, іске асырылып отырды", деді президент.

Атап айтсақ, "Қазақстанның бастамасымен немесе тікелей оның қатысуымен құрылған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, ШЫҰ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы секілді халықаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп, өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құруға берік негіз қалады".