"Келіссөздер барысында тараптар күкірттің ірі көлемде жинақталып, ашық күйде сақталуына, сондай-ақ, газдың өртелуіне қатысты мәселелерді талқылады. Жұмыс батындағы кездесудің қорытындысы бойынша "Теңізшевройл" ЖШС-іне тұрақты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштерін ескеру негізінде газды өртеуді доғару шараларын дәйектеу, жинақталған күкіртті қысқа мерзімде толығымен пайдалы жаратуды ескере отырып оны жарату бағдарламасын жасау тапсырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Теңізшевройл" ЖШС мәліметінше, 2007 жылғы көрсеткіштер 2006 жылмен салыстырғанда күкіртті сату көлемі 24%-ға артып, 2,05 млн тоннаны құрағанын сипаттайды. Жинақталған жалпы күкірт көлемі 2007 жылы шамамен жарты миллион тоннаға қысқарды. 2007 жылы өртелген газ көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 80%-ға азайды.
Ал мемлекеттік инспекциялық тексерулердің мәліметіне сүйенсек, 2007 жылы табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан компания 22 мәрте 142,0 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.