Қазақстанның тағы екі облысы "қызыл" аймаққа кірді

Қызылорда және Маңғыстау облыстарында коронавирустың таралуы бойынша жағдай нашарлады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары.


"Жасыл" аймақта: Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.