"Жақында Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының арасында жолаушылар тасымалдайтын "Нева экспресі" поездінің жарылуынан кейін Қазақстанда теміржол көлігін қорғау шаралары күшейтілді", - деді Болат Ұйқаспаев. Атап айтқанда, "жолаушылар және жүк поездерінің бригадаларына кездейсоқ адамдарды, сондай-ақ, кездейсоқ сәлемдемелер мен бандерольдарды тасымалдауға тыйым салынған".
"Бізде Көлікті бақылау комитеті жолаушылар поездерін үнемі тексеруден өткізіп отырады. Билетсіз жолаушыларды анықтаған кезде акт толтырылады. Біз осы вагондардың жолсеріктерін басшылыққа жібереміз. Олар маршруттан алынып тасталуы және өзге де жаза шаралары қолданылуы мүмкін", - деп түсіндірді комитет өкілі. Ол "бізде мұндай оқиғалардың әлі кездеспегендігін, алайда, бұл жұмыстардың жүргізіліп жатқанын, сол себепті жолсеріктер қазір алмауға (билетсіз жолаушыларды – "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) тырысып жатқанын" атап өтті.
"Сондай-ақ, теміржол вокзалдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қазір теміржол вокзалдарында бейне бақылау жүргізу үшін ол жерлерге бейнекамераларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Болат Ұйқаспаев. "Біз қандай да бір оқыс оқиғаларға дайын болуымыз үшін әрқашан жаттығулар өткізіліп тұрады. Жоғарғы мемлекеттік маңызға ие көпірлердің күзеті күшейтілуде. Сондай-ақ, көлікті бақылау бекеттерінде өткізілген көліктердің жарылғыш заттар мен қаруды алып жүруіне байланысты тексеру жұмыстары күшеюде. Алайда, қазіргі уақытқа дейін мұндай оқиға кездескен жоқ", - деп сөзін қорытындылады Көлік және коммуникация министрлігінің өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті