Қазақстанның теңіздегі шекарашылары Каспийде арнайы операция жүргізіп отыр


22-сәуірден бері өткізіліп отырған арнайы операцияға 15-тен аса кеме мен катер қатыстырылып отыр, делінген сейсенбіде таралған ақпаратта.
Өткен тәулік ішінде 3200 метр балық аулайтын тор, 41 бекіре тұқымдас балық, екі итбалықтың өлексесі тәркіленген.
"Операция басталғалы бері олар 3 кеме мен 4 қазақстандық азаматты ұстаған. Шамамен 25 мың метр балық аулайтын тор, калладаның 500 метрі, 450 бекіре тұқымдас балық, 34 ұсақ балық, 37 итбалық тәркіленді, оның алтауы тірі болған”, - делінген онда.