Қазақстанның ТМД-ға төрағалық жасау мәселесі Достастықтың келесі саммитіне дейін шешіледі

Ақпарат көзінің хабарлауынша, кезекті саммит өтетін мерзім әлі де келісіледі. Ол 2006-жылдың 19-шілдесіне дейін өтуге тиіс Беларусь президентінің сайлауынан кейін шақырылатыны анық.

Жаңа төрағаның мәселесі шешілгенге дейін ТМД-ға Ресей төрағалық жасай береді, деп хабарлайды ақпарат көзі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жарғыға сәйкес ТМД органдарына төрағалық жасауды Достастыққа қатысушы әрбір мемлекет алфавиттік алмастыру принципіне сәйкес өз өкілі арқылы бір жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырады. Алайда іс жүзінде бұл принцип сирек сақталады, дейді Атқару комитетіндегілер.
"Шын мәнінде, мемлекет басшылары қандайбір елді ұсынады. Бәрі келіскен жағдайда сол мемлекет төрағалыққа сайланады",- деп хабарлайды ТМД Атқару комитеті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 2004-жылғы 16-қыркүйектегі шешімімен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы болып РФ президенті Владимир Путин бекітілген. Бұған дейін сол тұстағы Украина президенті Леонид Кучма кеңеске төрағалық жасады.