Қазақстанның “Токомак” термоядролық қондырғысы 2008-жылы пайдалануға беріледі - ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

“2008-жылы қондырғы жұмыс істей бастайды. Дайындық жұмыстары бүгінде аяқталып келеді”,- деді ол.

“Қазір Санкт-Петербургтегі ғылыми-зерттеу институтында қондырғыны жасап жатыр. Жоспар бойынша 2007-жылдың аяғында ол жасалып бітіп, 2008-жылы Курчатовта құрастырыла бастайды”,- деді ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры.

“Токомак” - материалдарды энергетикалық жүктеме тәртібінде сынақтан өткізуге және зерттеуге арналған термоядролық қондырғы. “Токомак” эксперименталдық кешені Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында, республика үкіметінің конверсиялау жұмыстарының аясында құрастырады.