Қазақстанның төлем балансының профициті ағымдағы жылы $7-8 млрд деңгейінде болады деп күтілуде - Сәйденов

"Тұтастай алғанда, төлем балансының жалпы оң сальдосы 2008 жылдың 9 айында $4 млрд 300 млн құрады. Қазан айында шикізат бағасының күрт төмендей бастағанына қарамастан, Ұлттық банк 2008 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан қорды ескере отырып ағымдағы шоттың профициті $7-8 млрд болады деп күтуде", -деді Ә. Сәйденов.

Оның айтуынша, 2008 жылдың 9 айында төлем балансының ағымдағы шоты профицитпен қалыптасып, $9 млрд асты. Ұлттық банк басшысы оны бірінші кезекте "сауда балансының рекордтық көрсеткіштерімен" байланыстырады. "Тауар экспорты $57 млрд болып, өсім 66%, ал тауар импорты - $29 млрд, өсім 18% болды, нәтижесінде сауда балансы $28 млрд жетті", -деді ол.

"Қаржылық шот операциялары бойынша, өткен жылдың екінші жартысынан бері кеткен капитал ағыны сыртатн келген қаржыландырудан артты. 2008 жылдың 9 айында кеткен ресурстар ағыны $4 млрд 800 млн болса, 2007 жылғы тиісті мерзімде келген түсім $7 млрд 700 млн болған", - деді Ә. Сәйденов.