Қазақстанның төрт аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Синоптиктер Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік батыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұл уақытта көктайғақ болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, ұйытқуы 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 20 қазанда желдің күші 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлердегі желдің ұйытқуы 23-28 м/с жетеді. Петропавлда 20 қазанда батыстан соққан желдің күші 15-20, ұйытқуы 23 м/с жетеді.