Қазақстанның төрт азаматы Ресейдің Троицк қаласында жол апатынан зардап шекті

Бұл туралы Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

А-310 (Троицк-Челябі) жолының 124 км жерінде жол апаты болып қазақстандық азаматтар зардап шеккені туралы мәлімет Ресейдің Челябі облыстық Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекшісінен келіп түскен.

"Фольксваген" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, жол жиегіне аударылған. Көлік «Бугристое» бақылау-өткізу бекетінен Челябіге қарай жол тартқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы зардап шеккен. Олардың барлығы Рудный тұрғындары.

Зардап шеккендер Троицк ауруханасына жатқызылды.