Б. Смағұловтың айтуынша, Алматы, Петропавловск және Шымкент қалалары да байқауға қатысуға ниет танытып отыр.
"ТМД ең үздік қаласы" байқауы үстіміздегі жылдың 13 - 15 ақпаны аралығында Мәскеуде өтетін "Мегаполис: ХХІ ғасыр" атты алғашқы халықаралық көрме аясында ұйымдастырылады. Байқау екі аталыммен өтеді , атап айтқанда "Қаланың тұрақты және қарқынды дамуы үшін", "Тиімді басқару үшін". Байқаудың жеңімпаздары көрменің құрмет белгілерімен және медальдармен марапатталады. Көрмемен қатар "Үлкен қала - елдің елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту нүктесі" атты халықаралық экономикалық форум жүргізу жоспарлануда.