"Төтенше жағдайлар министрлігінде бюджетті толық игеруге қатысты шаралар қабылдануда. Өткен жылы игерілмей қалған бюджет қаржысы 582 млн теңгені құрайды, оның 250 миллионы Астанада қала басшыларының өрт депосының құрылыс орнын үш рет ауыстыруының салдарынан игерілмей қалған",- деп түсіндірді В. Божко.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, тағы 155 млн теңге "фирманың телескопиялық көтергіштерді тасымалдауын үзгендігінен" және 30 млн жуығы - қорғаныс ғимараттарын жобалауда тәжірибелі ұйымдардың болмауына байланысты игерілмей қалған.
"Осыдан кейін салмақты қорытынды жасауға болады",- деген уәде берді министр үкімет басшысына.