"Алға қойылған міндеттерге байланысты 1,5 - 2 сағат ішінде төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларын мемлекеттің кез-келген жеріне жеткізу мүмкіндігіне ие болу мақсатында және табиғат өрттері мен биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру мақсатында министрліктің авиациясын кезең-кезеңмен Ми-171, Ка-226 апаттан құтқару тікұшақтарымен, төтенше жағдайлардың Бе-200 ұшақтарымен және Ан-74ТК-200 транспорттық ұшақтарымен жабдықтау жолымен дамытуды жоспарлауда",- деп айтылған баяндама мәтінінде.
Сонымен қатар, баяндама мәліметтеріне сүйенсек, "қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық паркі ресурстары алдағы 2 - 3 жылда бітетін екі ұшақтан және төрт тікұшақтан (1975 - 1978 жылдары шығарылған), 2006 жылы шығарылған бір Ми-171 тікұшағынан тұрады (тағы бір Ми-171 тікұшағын осы жылы сатып аламыз)".