Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» жер серігі орбитаға сәтті көтерілді

Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» байланыс және хабар тарату геостационарлық жер серігі 2006 жылғы 18 маусымда 4 сағат 44 минутта Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Ғарыш аппаратын ұшыру үшін «Протон-К» зымыран тасығышы пайдаланылды. Жер серігін ұшырудың барлық кезеңдері сәтті өтіп, ол орбитаға көтерілді.