Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Елбасыға қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жағдайын, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерін басқару жұмыстарының алдын-ала нәтижелерін баяндады.