Сағадат Қожахметұлы 1924 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып, Украина, Молдова, Белорусь пен Польшаны фашистерден азат етуге қатысқан. Осы ерлігі үшін ол Кеңес Одағының батыры атанды. Майданнан орлаған соң да лауазымды қызметтер атқарған армия генералы 1991 жылы тәуелсіздік алған тұста Қорғаныс министрлігіне жетекшілік етіп, қазақ қарулы күштердің негізін қалады. Марқұмныңартында жары мен ізін жалғаушы ұрпағы - ұлы мен қызы және 4 немересі қалды. Сағадат Нұрмағамбетовті ақтық сарапға шығарып салу рәсімі бейсенбі күні Алматыда, Абай атындағы опера және балет театрында өтеді. Қаралы хабарға байланысты президент Нұрсұлтан Назарбаев та марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Еліміздің бір елең азаматынан айырылдық. Тәуелсіздік жылдарында біздің жанымызда болған. Нағыз отанын, елін сүйген ер, еңбегімен, қажырлығымен есте қалған Кеңес батыры, Халық қаһарманы. Ақырғы деміне дейін тәуелсіздікті қолдаған өткен азамат. Еске алайық....