Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1-мамырдан бастап жаңадан 6 тарифтік бағдарламаны іске қосады

Бағдарламалар "Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшалары туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес жасалды. Бағдарламалардың бірі 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға арналған. А.Сейітқасымовтың айтуынша, банк ұсынып отырған жаңаша мүмкіндіктер барлық салымшылардың мүддесін қорғайды және халықтың түрлі топтарының сұранысына сәйкестендірілген.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқармаларының төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның айтуынша, жаңартылған заңның негізгі ережелері тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйесінің шарттарын тіптен қолайландыра, тартымды ете түсті. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сатып алынатын тұрғын үй құнынан қажетті жинақтау мөлшері 50 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеді. Жыл сайын мемлекет тағайындайтын сыйлықақы мөлшері 200 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымшыларының тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдарын пайдалану мүмкіндіктері де молая түсті. Тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдарын клиенттер енді үй, пәтер, жер сатып алуға және тұрғын үйлеріне жөндеу жүргізуге ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның кез келген банктерінде ипотекалық несие алу үшін бастапқы жарна ретінде, не тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша жүргізген шараларға байланысты пайда болған міндеттемелерін өтеу есебіне де пайдалана алады.
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қазақстан нарығында 2003 жылдың қазан айынан бастап қызмет көрсетуде. Банктің клиенттермен 1 жылдан сәл ғана астам уақыт ішінде жұмыс жүргізу барысында жалпы шарттық сомасы 4,00 миллирд теңге болған 7,6 мыңнан астам тұрғын үй құрылыс жинақ ақшалары туралы шарттар жасалды. Банк салымшыларның жалпы жинақ мөлшері 475 млн. теңгеге жеттті және ол барған сайын арта түсу ағымы байқалып отыр.
Келісім-шарттардың 40 проценті 25-45 жылға жасалған. 18 жасқа дейінгі салымшылардың жинақ ақшасының мөлшері қарқынды өсіп келеді. Балаларға арналған келісім-шарттарының үлесі 22 процентке жетті.
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның жарғылық капиталы 7 млрд. теңгені құрайды және алдағы екі жылда оның мөлшері 11 млрд. теңгеге дейін артады. Банк Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесіне мүше.