Caravan Logo

Қазақстанның Үкімет басшысы мемлекеттік тілді дамыту мәселесі бойынша өз ұстанымын білдірді

Қазақстанның Үкімет басшысы мемлекеттік тілді дамыту мәселесі бойынша өз ұстанымын білдірді

«Тілдерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекіді. Премьер-Министрдің осы мәселеге қатысты ұстанымы», - деп жазылған К.Мәсімовтің Twitter-дегі парақшасында.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қол қойды, - деп хабарланған www.facebook.com:80/KMassimov сайтында.

Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Бірнеше тілді меңгерген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мемлекеттік тілдің дамуы туралы өз блогында жазды. Премьер-Министрдің ұстанымымен http://pm.kz/kz/blog/2127 танысуға болады.