Қазақстанның ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады


"Осындай іргелі істі біздің еліміз де қолға алуда. Атап айтқанда, бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі конкурс басталады. Байқауға ұсынылған жұмыстарды жинақтау Министрлік сайтында mic.gov.kz бір ай бойы жүргізіледі. Өтініммен бірге логотип, ұран, еркін формада жазылған және жұмыстың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін қысқаша тұжырымдама жолдануы тиіс",-деп жазды Абаев байқау жайлы.