Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіби мерекесін атап өтті

1992 жылы 13-шілдеде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру туралы жарлыққа қол қойды.

«Бүгін кәсіби мерекеге байланысты орталық аппаратта ресми жиын өтті. ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев ҰҚК қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтап, оларға адал қызметі үшін алғыс білдірді. Қызметкерлердің бірқатарына наградалар табыс етілді», - деп сәрсенбі күні ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.