Қазақстанның ұлттық валютасы кешеден бері 2,2 теңгеге нығайды

Еске сала кетейік, кеше күндізгі сессия нәтижесі бойынша АҚШ долларының құны 337,09 теңге болған. Ал бүгін таңертеңгі сессияда доллар бағамы 335,09 теңге болған.

Одан бөлек:

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3051 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 40 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,93 теңгені (-2,06 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 97 150 мың (+21 400 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7840 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 192 800 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7254 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 63 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.