Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін және жақын арадағы екі тәулікте, 30-31 қаңтарда ауа температурасының күрт төмендеуіне және мұздардың қатуына байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасуы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде
қатты аяз болатынын хабарлаған.