Қазақстанның үш облысында өзен арнасынан асуы мүмкін

Бұл облыстарда су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2-6 мамыр арылығында ауа райы жауын-шашынды болып, Шығыс Қазақстан облысының өзендері арнасынан тасып, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

«2 мамырда Жамбыл және Алматы облыстарындағы өзен суы арнасынан асуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, найзағай ойнап, оңтүстікте шаңды дауыл тұратыны хабарланған.

Оқи отырыңыз:

Алдағы күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

Қазақстан 123 елге өңделген тауар экспорттауда – министр

Депутат жалақысы аз колледж мұғалімдерінің мәселесін қозғады