Ол бұл бәйгенің шетелдік инвесторлар кеңесінің биыл маусым айында Атырауда өткен 19-пленарлық отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасын орындау үшін өткізіліп жатқанын еске салды. "Сол кезде президент комитетке 2008 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласында өтетін шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-шы жалпы отырысының барысында "Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесін өткізуді тапсырған болатын", - деп түсіндірді комитет төрағасы.
"Бұл бәйгенің мақсаты - Қазақстан экономикасының дамуына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосқан шетелдік инвесторды анықтау. Оның міндеті - бизнесті иман жүзді, кәсіби жүргізу нормаларына жауап беретін қызметті іске асыруға инвесторларды ынталандыру және инвесторлардың Қазақстанда жұмыс істеген кездерінде жинақталған оң тәжірибені жұртқа көрсету әрі таныстыру болып табылады", - деді ол.