«Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары 25 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында марапатталады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы Ғалымжан Дұғалов айтты.

«Республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» көрмелерінде жеңіске жеткен кәсіпкерлерден 153 өтінім түскен. Олар «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар», «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш аталым бойынша іріктелген», - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, 5-6 желтоқсанда Астанадағы «Көрме» орталығында қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесі өтеді. Ал 25 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Индустрияландыру картасы бойынша нысандарды тапсыру шарасы барысында жеңімаздарды марапаттау рәсімі болады.