Қазақстанның үздік журналистеріне президент сыйлықтары мен гранттар табыс етілді


«Азаматтық қоғамның маңызды бөлшегі саналатын қазақстандық БАҚ билік пен азаматтар арасын байланыстырушы алтын көпір болып қана қоймай, еліміздің жетістіктері мен табыстарына сүбелі үлес қосып, біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға атсалысып келеді», – деді Г.Әбдіхалықова жұма күні өткен салтанатты рәсімде.
«Қазақстандық БАҚ-ның кәсіби деңгейі мен сапасын ынталандыру мақсатында мемлекет басшысының арнайы наградалары тағайындалды. Біз ең лайықты, бойындағы талантын айқын көрсете білген медиакеңістік өкілдерін ерекше атап өткіміз келеді», – деді ол.
Сонымен, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлығы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Ауыпбаев пен «Экспресс-К» газеті» ЖШС бас директоры Алексей Панғау (өлгеннен кейін) берілді.
«Арша» медиастудиясының продюсері Зарина Есекеева мен «Хабар» арнасының бағдарламалар дирекциясының бас продьюсері Ринат Кертаевқа гранттар берілді.
Сонымен қатар, «Достық-Дружба» қоғамдық-саяси журналы, аймақтық «Жетісу» басылымы, «Қазақстан» ұлтық арнасы, «Көкжиек» және «От и до» радио бағдарламалары, президент Телерадио кешені, «тіл» журналы мен «Vesti.kz» порталының шығармашылық ұжымына алғыс жарияланды.
Қазақстанда Журналистер күні 28-маусымда атап өтіледі.