Қазақстанның вице-премьері Оңтүстік Кореяның жаңа президентімен ынтымақтастықтың болашағы жайлы талқыламақ

Е. Ашықбаев атап көрсеткендей, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы елшісі ретінде Ө. Шүкеев Сеул қаласында өткен Корея Республикасының президенті Ли Мен Бакты ұлықтау рәсіміне қатысқан. "26-ақпан күні Ө. Шүкеевтың президент Ли Мен Бакпен жеке кездесуі жоспарланған", - деп толықтырды Е. Ашықбаев.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі "Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай қарқынды дамып келеді, саяси диалогтың, ауқымды экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етіліп отыр", - деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасына енгізген Корея инвестициясының көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құраған. 2007 жылы өзара сауда көрсеткіші 843,3 млн АҚШ долларын құрады.