Қола жүлде үшін өткен ақтық сында Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын "жетісулық" қыздар жарыс қожайындарының "Чанг" командасына 0:3 (21:25, 10:25, 18:25) есебімен есе жіберді.
Алматы облысының «Жетісу» командасы топтық сында екінші орын алып, ширек финалда Иран («GITIPASAND») спортшыларыннан 3:0 есебімен (25-21, 25-8, 25-13) басым түсті. Жартылай финалда жапондық («Торай Эрроус») құрбыларына дәл осындай есеппен (17:25, 17:25, 20:25) есе жіберіп, чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігінен айырылды. Ал ақтық сында тайландықтарға ұтылып, өткен жылғы нәтижесін қайталай алмады.