Оның айтуынша, Қазақстанды жоғары деңгейде дамыған 50 елдің қатарына қосу мақсаты бірінші кезекте білім беру, ғылым және мәдениет салаларының алдына белгілі бір мақсаттарды қояды. Онсыз қоғам мен мемлекетті толыққанды дамыту мүмкін емес. “Осыған байланысты ұлттық комиссияның ролі ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұйымдарының үкіметтік органдары мен ғылыми комитеттерінің іс-қызметіне белсене қатысу арқылы еліміздің ұлттық басымдықтарын аталмыш ұйымдардың бағдарламаларымен жақындата түсуге және үйлестіруге, халықаралық құқықтық-нормативтік құжаттарды жасауға, ғылыми орталықтарды құруға, жинақталған шығармашылық және ғылыми әлеуетті пайдалануа саяды”,- деді И.Тасмағамбетов.
Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұйымдарымен 2006-2007-жылдарда ынтымақтастық орнату келешегі жөнінде сөз қозғаған И.Тасмағамбетов олар ұйымның негізгі бес басымдығын арқау ететінін айтты. И.Тасмағамбетовтың сөзіне жүгінсек, ол - баршаға базалық білім беру, су және онымен байланыстағы экожүйелер, ғылым мен техника саласындағы этика, мәдени түрлілікті мойындау және мәдениеттер арасындағы диалогты дамыту, ақпарат пен білімге қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады.