Қазақстанның жағажай волейболшылары «Гранд Слэма» әлемдік турының Австриядағы кезеңін 17-ші болып аяқтады

Онда ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының үздігі Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 17-орын алды. Соның нәтижесінде рейтингтік қоржындарына 160 ұпай қосты.

Бұған дейін олар 3-8 шілдеде Швейцарияда, 10-14 шілдеде Германияда өткен кезеңдік додаларда 9-орын алып, 320 ұпайдан олжалаған болатын. Ал 22-27 мамырда Чехиядағы «Patria Direct Prague Open» кезеңінде тоғызыншы (240 ұпай) және Қытайда 8-13 мамырда «Bejing Grand Slam» кезеңінде 25-ші, (80 ұпай), 1-6 мамырда «Shanghai Grand Slam» кезеңінде 17-ші (160 ұпай), сондай-ақ 24-29 сәуірде Польшада «Silesia Open» кезеңінде 13-ші (180 ұпай) орыннан көрінген еді. Енді «Гранд Слэма» әлемдік турының 14-19 тамызда Польшада өтеді ақтық кезеңіне қатыспақ.