Слободан Крчмаревич жаттықтыратын қазақстандықтардың қоржынында 3 кездесуден кейін 2 ұпай бар. Соңғы оқу-жаттығу жиынына бас бапкер 24 футболшыны шақырған болатын. Францияға олардың 21-ін іріктеп апармақ. Олар бұған дейін Румыниямен 3-ші маусымда сырта алаңда 0:0, 2-қыркүйекте өз алаңында 1:1 есебімен тең түсті. Тек 6-шы қыркүйекте өз алаңындағы алғашқы сында Словакия аяқдопшыларына 0:1 есебімен есе жіберді.
Жалпы турнир қорытындысы бойынша қазір 2 ойынан кейін 6 ұпаймен словак аяқдопшылары көш бастап келе жатыр. 3 ойында 5 ұпай жинаған румындар екінші, ал алғашқы кездесуде 3 ұпай олжалаған француздар үшінші орында тұр. Бұған дейін үш-үштен ойын өткізген Қазақстан 2 ұпаймен төртінші, ал қоржынында бірде-бір ұпай жоқ Латвия соңғы 5-орында келе жатыр.