Қазақстанның жастар құрамасы футболдан Жамбыл облысының құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді


Бүгін еліміздің жастар құрамасы Талғардағы құрама командалар базасына жиналды. Олар бұған дейін онда маусымның 28-і мен шілденің 4-і аралығында алғашқы оқу жаттығу жиынын өткізген болатын. Құраманың аға бапкері Павел Родненок жиынға 15 аяқдопшыны шақырып отыр. Оның төртеуі "Ордабасыдан", үшеуі "Қайраттан", екеуі "Ертістен", ал бесеуі "Восток", "Цесна", "Қазақмыс", ""Шахтер" мен "Жетісудан". Олар қақпашы - Самат Отарбаев («Ордабасы») пен Ахан Инкарбеков («Қайрат»); қорғаушы - Михаил Габышев («Восток»), Антон Деркач («Ертіс»), Марлен Ералиев («Қазақмыс»), Евгений Горячий («Шахтер»), Бақдаулет Қожабаев («Ордабасы»); жартылай қорғаушы - Евгений Лёвин («Ордабасы»), Саят Сариев («Жетісу»), Рахымжан Розыбакиев («Қайрат»), Денис Прокопенко («Локомотив»), Илья Калинин («Цесна»), Әлібек Аяғанов («Ертіс»); шабуылшы - Абзал Бейсебеков («Қайрат») пен Абылайхан Ескендіров («Ордабасы»). Команда жолдастық кездесу өткізу үшін ертең Жамбыл облысына аттанады.