Қазақстанның жеті аймағында ғана балаларға қажетті көлемде психологиялық кеңес беріледі -БҒМ

"Республика бойынша бүгінде облыста 56, қалалық және аудандық және бір республикалық психологиялық-педагогикалық кеңестері жұмыс жасайды. Мұндай кеңестер бөлімінің қажетті саны еліміздің жеті аймағында ғана бар", - деп хабарлады М. Санатова.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының 883 мың баласына екі кеңес бөлімі ғана қарастырылған. Ал заң бойынша олардың саны 15 болуға тиіс.

Ол түсіндіргеніндей, " аймақтарда 60 мың балаға бір кеңес бөлімі болу керек. Қарағанды облысында 362 мың балаға алты кеңес қызмет көрсету керек, ал шын мәнінде онда екі кеңестік кабинет қызмет атқаруда. Алматыда 283 мың балаға бес кеңес бөлімінің орнына, екі кеңес қарастырылған".

М. Санатова атап өткеніндей, педагогикалық кеңестер желісі жұмыстарының кеңейтілуінен дамуы шектелген балаларды анықтау жақсартылды.

"Мәселен, 2002 жылы жалпы балалардың санынан 2,3% немесе 115 мыңы анықталды. Ал 2007 жылы кеңестің бөлімдерінің жасаған қорытындылары бойынша 154 мың 870 бала немесе жалпы балалар санының 3,4% белгіленді. Германия, Ұлыбритания, Швеция сияқты дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 пайыздан асады, Ресейде - 4% құрайды", - деп атап өтті департамент басшысы.

Оның сөздері бойынша, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында үкіметтің қаулысы бойынша арнайы психологиялық-педагогикалық өзгерту ұйымдарының желілерін кеңейту қарастырылған. Бүгінгі күні мұндай кабинеттер саны 114, 14 сауықтыру орталығы және 263 логопедтік пункті бар.

"Өкінішке орай, аймақтар бойынша даму бір қалыпты емес. Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарында сауықтыру орталықтары әлі ашылмаған. Маңғыстау облысында психологиялық-педагогикалық кабинеттері мүлдем жоқ. Алматы, Қызылорда, Манғыстау, Оңтүстік-Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында логопедтік пункттері ашылмаған ", - деп әңгімеледі білім және ғылым министрлігінің өкілі.