"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сәуірдің 15 мен 17 аралығында Ақмола, Павлодар, 16-17 сәуірде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, солтүстіктен жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге жететін жел соғып, ауа температурасы түнде 0 - 5, кей жерлерде 8 - 13, 10 - 15 суық болса, кейде тіпті 18 градус аязға дейін жетеді.
Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысында 16-17 сәуірде сынап бағанасы түнде 0 - 5, кей жерлерде 8 градусқа дейін төмендейді. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 15 - 17 сәуірде түнде 13 - 18, кей жерлерде 5 - 10 градус аязға дейін жетеді.