Қазақстанның жоғары лигасы чемпионаты аясында «Барыс-2» және «Сарыарқа» командалары додаға түседі


Айта кетейік, «Барыс» командасы сайтының мәліметі бойынша ұлттық чемпионаттың басынан бері «Барыс-2» барлығы 20 ойын өткізіп, оның 8-інде жеңіске жетті. Ал оның қарағандылық қарсыласы 18 матчта додаға түсіп, ойынның біреуінде ғана жеңіліс тапты. Жарысқа қатысушы ондықтың ішіндегі турнирлік кестеде «Барыс-2» 25 ұпаймен 6 орынға тұрақтады. Жекелей жүргізілген бағалаулар бойынша чемпионаттағы хокейшілердің арасында 21 ұпай жинаған «Барыс-2» командасының форварды Илья Соларев алда келе жатыр, яғни ол ойын маусымының үздік ойыншысы ретінде танылды. Сонымен қатар дәл осындай жетістіктер бойынша «Бейбарыс» хоккей командасының ойыншысы А. Пелевин де үздіктер қатарында орын алып отыр.