Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының мәліметінше, Алматыдағы екінші нарықтағы баспана құны орта есеппен 58,5%-ға төмендеді. Ал жаңадан салынған үйлердің бағасы бұдан сәл аз - 20 - 30%-ға арзандады. Алайда, мамандардың хабарлауынша, қазір жылжымайтын мүліктің бірінші нарығында әзірге тоқырау байқалып, пәтерлер іс жүзінде сатылмай тұр. Ал екінші нарықта сәл-пәл жандану байқалып, федерация вице-президенті Александр Калининнің сөзімен айтсақ, "кейбір секторларда бағаның көтерілу элементтері қылаң берді".
"Бірінші кезекте бұл 1-2 пәтерді арзан үйлер мен жалға беру ставкаларына байланысты. Мәселен, ықшамаудандарда бір-екі аптадан бері 0,5 - 2% өсім байқалған. Бір жағынан бұл таңданыс тудырады, өйткені, жаз - жылжымайтын мүлік нарығы үшін өлі маусымға саналады. Бірақ, кейбір себептерге байланысты, соның ішінде баға ең төменгі шешіне жетуге байланысты сататын және сатып алатын уақыт жетті", - деді А. Калинин.
Оның айтуынша, сұраныс әзірге тым жоғары емес, ол ұсынысқа шаққанда 1 де 5 болып тұр. Ал таяуда ғана бұл арақатынас 1 де 15 болған.