Қазақстан-Қытай арасындағы алғашқы халықаралық контейнерлік пойыз қозғалысы ашылды

Оның құрамдас бөлігі ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2011 жылы Жетіген-Алтынкөл темір жол желісінің құрылысын аяқтады. Осылайша Еуразия темір жол картасында Қытайдан Еуропаға дейін қосымша транзиттік бағдар ашылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол Қазақстанның көліктік логистикалық әлеуетін арттырып құрлықтық жүк тасымалдау бағдарын кеңейтеді.

Алтынкөл - Қорғас телімінің ашылу салтанатына ҚТЖ президенті Асқар Мамин мен Үрімші темір жолының бастығы Тан Шешен қатысты.

Асқар Мамин халықаралық бағдардың Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызына тоқталды. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 25 млрд. долларға жетіп отырғандығын атап өтті. Темір жол көлігімен жүк тасымалдау ел экономикасының сұранысқа ие қызмет түрі. Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасын Достық (ҚР) мен Алашаңқай (ҚХР) бір ғана темір жол өткелі жалғастырған болатын. 1991 жылы осы жол пайдалануға берілгеннен бері 156 млн. тонна жүк тасымалданды. Қазіргі кезде өткелдің өткізу әлеуеті төмен болғандықтан тағы да бір желіні іске қосу қажеттігі байқалды.

Рекордтық мерзімде салынған телімде 2015 жылға дейін жүк тасымалдау көлемі жылына 10 млн. тоннаға, 2020 жылы 15 млн. тоннаға жеткізу көзделуде.

Жетіген-Алтынкөл темір жол желісінің ұзындығы 293 шақырым. Оның экономикалық, әлеуметтік маңызы зор. «Қорғас» ХШЫО, Құрғақ порт, Индустриалдық аймақ, сонымен қатар халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық автомагистралының бір бөлігі болып саналады.

Желі бойынан 5 станса, 9 жол айырығы ашылды. 260 қызметтік-техникалық, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үйлер салынды. Жоба пайдалануға берілгенде 2055 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Құрылыс жұмысы барысында 28 көпір, оның төртеуі 300 метрге жетеді. 640 шақырымдық электр желілері мен басқа да нысандар тұрғызылды.

2011 жылы желіде жұмыс пойыздары жүрсе, 2012 жылғы қыркүйектен бастап жолаушылар тасымалдана бастады.

2012 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Қазақстан-Қытай арасындағы алғашқы халықаралық контейнерлік пойыз қозғалысы ашылды. Ашылған күннен бастап жылжымалы құрамдар екі ел теміржолшыларының келісімі негізінде жұмыс тәртібімен жылжымалы құрамды қабылдау-өткізу кестесі белгіленеді