2014 жылды «Дін мен Дәстүр» жылы деп жариялады.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының дін және дәстүрді дамыту және жаңарту мақсатында мемлекеттік тілді дамытуға, ислам дінімен тығыз байланысты салт-дәстүрлерді насхихаттау, патриотизмге және келер ұрпақ алдында өз елі үшін жауапкершілікке тәрбиелеу, жастарды қазақ даласының дара тұлғаларының рухани мұрасымен сусындату, дәстүрлі тәрбиелеу мәдениеті мен ұлт құндылығын жастардың бойына сіңіруге ерекше көңіл бөлінбек, делінген Алматының Орталық мешіт сайтындағы хабарламасында.
Бұл бағытта дін қызметшілеріне арнайы ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуді, конференциялар мен кездесулер ұйымдастыруды, телерадио жобаларды жүзеге асыруды тапсырамын, деп Е.Малғажыұлы имамдарға міндет жүктеді.