"Грузия мен Украинада жуырда болған өзгерістер Қазақстан үкіметін күйгелектік дертіне ұшыратты. Соның салдарынан түйсік қысым мен қыспаққа итермелеп отыр",- деп пайымдайды Ж.Сорос. Оның пікірінше, "мәжіліске ұсынылған экстремизмге, ұлттық қауіпсіздікке және бейресми ұйымдарға қатысты жаңа заңдар топтамасы сондай қысымдық сипатта". Сонымен бірге Ж.Сорос Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының таратылуы, оппозициялық "Республика" газетінің жабылуы мен Қазақстан аумағында Сорос қорының іс-қызметіне кедергі келтіру деректерін жоғарыдағыдай қысым шараларының қатарына қосады. "Қазақстандағы сот жүйесі тәуелсіз емес, бұқаралық ақпарат құралдарында пікір алуандығына жол берілмеген, саяси партиялар іс-қызметін еркін жүргізе алмайды",- деді қор төрағасы.
Оның пікірінше, "Қазақстан үкіметі үшін қысым шараларына барудың еш қажеті жоқ". "Президент өз халқының ризашылығы мен қолдауына ие болу арқылы экономикалық жетістіктер мен саяси бостандықты қамтамасыз ете алар еді. Мұндай танымалдықтың шеті мен шегі жоқ. Инвестицияға қолайлы жағдай жасай отырып, бұл мүмкіндікті республика үкіметі экономикалық гүлдену мақсатында пайдалана алады. Саяси құқықтармен сабақтасқан ілгерілеушіліктер тұрақтылықты қамтамасыз ете алады",- деп пайымдайды Ж.Сорос. Қор президентінің пікірінше, "Қысым шаралары керісінше, тұрақсыздыққа, капиталдың сыртқа ағылуына, кәсіби мамандардың шетелдерге кетуіне алып келеді". "Қазақстан үкіметіне билікте қалу үшін қысымға ден қоюдың қажеті жоқ",- дейді Ж.Сорос.
Ол Сорос қоры Қазақстан үкіметі егер қазір ден қойған қысым бағытынан бас тартқан жағдайда жан-жақты қолдап жәрдемдесетінін атап өтті.